Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Жаңалықтар

2210/19
МИИР РК разработан новый проект программы «Нұрлы жол» на 2020-2025 годы

ҚР ИИДМ 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" бағдарламасының жаңа жобасын әзірледі

 

2019 жылғы 22 қазанда ҚР Үкіметі отырысында Министрлік басшысы Бейбіт Атамқұлов 2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы және 2020-2025 жылдарға арналған осы бағдарламаның жаңа жобасы туралы айтып берді.

"Жаңа мемлекеттік бағдарлама халыққа қолайлы және қолжетімді болатын көлік инфрақұрылымын құруға бағытталған. Жаңа мемлекеттік бағдарламаның жобасы кеше (21 қазан) Үкіметке енгізілді",-деп атап өтті министр.

2025 жылға дейінгі жаңа мемлекеттік бағдарламаны қаржыландырудың жалпы көлемі 6 триллион 598 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде:

- 58% (3,794,6 трлн. теңге) - республикалық бюджет қаражаты (РБ);

- 11% (715,3 млрд. теңге) – жергілікті бюджет қаражаты;

- 26% (1 триллион 759 млрд. теңге) – мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігі бойынша (МЖӘ) және жеке инвестициялар;

- 5% (329,6 млрд.теңге) – ұлттық және мемлекеттік компаниялардың өз қаражаты.

Автожол инфрақұрылымын дамыту шеңберінде 10 мың км қайта жаңарту және 11 мың Республикалық желіні жөндеу, 27 мың км жергілікті желіні жөндеу жоспарлануда.

Темір жол саласында Достық-Мойынты учаскесін жаңғырту (республикалық бюджет (РБ)) және Мойынты-Ақтоғай учаскесін электрлендіру (мемлекеттік-жеке меншік әріптестік (МЖС)) жоспарлануда.

Шағын әуе желілерін дамыту мақсаттары үшін 16 әуеайлақ салу жоспарлануда (жергілікті атқарушы органдар (ЖАО)).

Су көлігін дамыту үшін 48 кеме бірлігін, оның ішінде 6 сауда флотын сатып алу және шлюздерге күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда.

Автомобиль көлігі саласындағы ұлттық стандартқа келтіру мақсатында шамамен 133 автостанция, автовокзалдар мен жолаушыларға қызмет көрсету пункттерін салу және жаңғырту жоспарлануда.

"Нұрлы жол" жаңа мемлекеттік бағдарламасын іске асыру:

- 551 мың жұмыс орнын құру, оның ішінде 48,5 мың тұрақты және 502,2 мың уақытша жұмыс орындарын құру;

- еңбек өнімділігін 2019 жылғы деңгейге қарағанда 20% - ға 8,7-ден 10,4 млн. теңгеге дейін арттыру (тг / адам);

 -Транзиттік табысты 61% ға 2,4 тен 4,2 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайту.

Логистика тиімділігінің индексі (ИЭЛ – Logistics Performance Index (LPI)) бойынша 38 орынға көтерілу жоспарлануда, индекс әрбір 2 жыл сайын бағаланады, 2018 жылдың қорытындысы бойынша – 71 орын.

 "Инфрақұрылым" көрсеткіші бойынша Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша (ДЭФ ЖБИ) 49 орыннан төмен емес деңгейді көтеру мақсаты қойылады, жыл сайын, 2019 жылдың қорытындысы бойынша – 67 орында бағаланады.

"Елбасы мен Мемлекет басшысының "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша тапсырған ағымдағы және алдағы міндеттерді Министрлік уақтылы және сапалы орындайды", - деп атап өтті ведомство басшысы Бейбіт Атамқұлов.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі